Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

10 ақпанға арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі 

10 ақпанға арналған ауа-райы болжамы

Астана

9 ақпан – Күн ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең аздап қар жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде температура -19…-21°C, күндіз -7…-9°C.

10-11 ақпан – Ауа райы ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, бұрқасын және тұман күтіледі. Жел батыстан 7-12 м/с. Түнде -10…-12°C, күндіз -5…-7°C.

Алматы

9 ақпан – Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде температура -6…-8°C, күндіз +1…+3°C.

10 ақпан – Ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ сақталады. Жел шығыстан 2-7 м/с. Түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.

11 ақпан – Тұман мен көктайғақ сақталады. Жел шығыстан 2-7 м/с. Түнде -9…-11°C, күндіз 0…-2°C.

Синоптиктер жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, әсіресе көктайғақ кезінде абай болу қажеттігін ескертеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату