Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев таратқан мәліметке сәйкес, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп.
Оның айтуынша, туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.
Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді, - спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.
Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.