Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алмас Кішкенбаев темір торға қамалды

Сот танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды

Алмас Кішкенбаев темір торға қамалды

Бұған дейін оның ісі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен еді,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Алматының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде жеке тұлғаларды қорлау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Сотпен К.-ның осындай әрекеттерді мас күйде жасағаны анықталды. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ деп түсіндірді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату