Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақтың төбет тұқымды иттерінің шығу тегі зерттелді

Генетика және физиология институтының ғалымдары қазақтың төбет тұқымды иттерінің шығу тегін зерттеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақтың төбет тұқымды иттерінің шығу тегі зерттелді
Фото: Егемен Қазақстан

2024 жылғы 4 қазанда әлемдегі ең көп сілтемелер жасалған бес ғылыми журналының қатарына кіретін «SCIENTIFIC REPORTS» журналында қазақстандық ғалымдардың «Қазақтың төбет тұқымының генетикалық әртүрлілігі және шығу тегі» атты мақаласы жарияланды.

Зерттеулер ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қарасты Генетика және физиология институтында жүргізілді. Ғалымдар өздеріне үш негізгі бағытты анықтап алды: тұқымның әртүрлілігі, шығу тегі және көнелігі.

Қазақ төбеті – қазақтың ұлттық тұқымды иттері, олар ежелден үй жануарларын қорғауға пайдаланылған.

Ерекше қызықты жайт, ғалымдар төбет тұқымының тибет мастифтерімен туыстығы туралы әлі күнге дейін кең таралған гипотезаны жоққа шығарды. Филогенетикалық талдау осы тұқымның түрік ақбасына жақын екенін, ортаазиялық төбетпен туыстығын және тибет мастифінен кем емес ежелгі екенін көрсетті. Мұны митохондрия ДНҚ-ның тізбегін талдау да растады. Екі төбет итінде A18 гаплотипі анықталып, ол ең көне жеті гаплотиптің қатарына кіреді.