Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

“Тежегіш істен шыққан”: Түркияда жүк көлігі көпірден құлап, үш адам мерт болды

Түркияда жүк көлігі мен жеңіл көліктер көпірден құлап, үш адам қаза тауып, 22 адам жараланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Тежегіш істен шыққан”:  Түркияда жүк көлігі көпірден құлап, үш адам мерт болды
Фото: kun.uz

Қайғылы оқиға 2 ақпан күні Шанлыурфаның Бирежик ауданында болған. Тежегіші істен шыққан жүк көлігі алдыңғы көліктермен бірге көпірден ұшып кеткен.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды. Марқұмдардың екеуінің жеке басы анықталды.

Айта кетелік, жергілікті биліктің мәліметінше, апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер Түркия азаматтары.