Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда, 14 күн демалады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?
Фото: Tengrinews

Бұл айда екі бірдей айтулы мерекелер тойланады: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

• Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады.Ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, ал 10 наурыз жұмыс күні болып саналады.

• Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн - 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады. Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату