Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 ақпан, 2025 / Арайна Арайқызы / Білім

Shakarim University Хакатон-2025 шарасында топ жарды

29-31 қаңтар аралығында Астанада «Қазақстан университеттері – ел дамуының драйверлері» Хакатон-2025 шарасы өтті. 

Shakarim University Хакатон-2025 шарасында топ жарды

Ауқымды шара еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын біріктіріп, жоғары білім саласындағы үздік стратег атану үшін интеллектуалдық бәсеке алаңына айналды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жарыс қорытындысы бойынша 23 жетекші университеті арасында Shakarim University абсолютті жеңімпаз атанды. Жеңістің ерекшелігі – университеттің жоғары стратегиялық дайындық деңгейін көрсетіп қана қоймай, оны болашақтағы идеяларды бүгіннің шындығына айналдырып жүрген жас әрі өршіл проректорлар мен басшылардың таныстыруында.

Мәскеудің «Сколково» басқару мектебі әзірлеген FuturEdu Strategy Simulation қарқынды стратегиялық симуляциясы барысында қатысушылар бүкіл ел ауқымында университеттік ортаның дамуына әсер ететін шешімдер қабылдады. Shakarim University-ді жас мамандар таныстырды.

Университет ректоры Думан Орынбеков команданы құттықтай отырып, әрбір Shakarim University-ді таныстырған менеджердің артында студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер тұрғанын атап өтті.

«Жеңіс – бұл, әрине, нәтиже, бірақ одан да маңыздысы – аймақтық жаңа форматтағы университеттердің Қазақстанның дамуына үлес қоса алатынын көрсететін белгі», - деді команда мүшелері.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату