Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі.
Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды. Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды. Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді,- делінген полиция мәліметінде.