Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін, Қазақ Гуманитарлық заң университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Мамандығы экономист, қаржы және несие, құқықтанушы.
Астана қаласы Есіл ауданды Мемлекеттік кірістер басқармасы, Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті және Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған.
Соңғы тағайындалуға дейін 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.