Шыңғыс Әрінов 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану, Азаматтық авиация академиясында тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану бағыттарын меңгерген.
Ол 2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2022-2024 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болды.
2024 жылғы ақпанда Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұл қызметті 2026 жылдың қыркүйегіне дейін атқарды.
Енді ол Алматы облысының әкімі ретінде өңірді басқарады. Әрінов бұл қызметте 2022 жылдың маусымынан бері облыс әкімі болған Марат Сұлтанғазиевтің орнына келді.