Bild telegram арнасының хабарлауынша, Ауғанстанның шығысындағы Пәкістан әуе күштерінің шабуылы салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты.
Пәкістанның мәлімдеуінше, шабуылдар пәкістандық тәліптердің «лаңкестер баспаналарына» бағытталған. Құрбан болған 46 адамның көпшілігі әйелдер мен балалар, дейді Ауғанстан басшылары.
Жауап ретінде ауғандық тәліптер шекараға әскери техника мен 15 мың сарбазын қойды (британдық БАҚ мәліметі бойынша). Содан кейін ауғандықтар даулы шекара бойындағы «бірнеше» пәкістандық позицияларға шабуыл жасап, қиратты. Ол жердегі қақтығыстар жалғасуда.
Талибан өкілдері британдық Telegraph газетіне қақтығыс одан әрі өрши түссе де дайын екендіктерін айтты:
«Олардың ядролық бомбасы бар-жоғы бізге бәрібір - бізде сенім бар және біз Құдайдың бізбен бірге екенін білеміз», - деді жоғары лауазымды тәліптердің бірі.
Пәкістан басшылары да ештеңені мойындағысы келмейді. Үкімет ауғандық тәліптерді пәкістандық содырларға баспана берді деп айыптайды.