Сонымен қатар, Щучинск қаласына 20 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендерге ыстық тамақ беріліп, психологтар көмек көрсетуде. Олар Астанаға темір жол арқылы жеткізілмек.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Астана-Петропавл автожолында орын алған жол-көлік оқиғасында 95 көліктің 44-і шығарылды немесе қозғалысын жалғастырды, ал 49 көлік әлі оқиға орнында тұр. 12 адам ауруханаға жатқызылды, 15 адам жылыту пунктеріне жеткізілді. Құтқару жұмыстарына 14 техника мен 20 маман тартылған. Жолды сағат 22:00-де ашу жоспарлануда, алайда ауа райы жағдайына байланысты уақыт өзгеруі мүмкін.