Қаланың барлық негізгі орындарында тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Тәулік ішінде 16 қылмыс тіркеліп, оның 10-ы "ізін суытпай" ашылды. Елорда жолдарында 91 жол-көлік оқиғасы тіркелді, зардап шеккендер болған жоқ. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қыстың қолайсыз ауа райы жағдайында қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Күшейтілген патрульдеу құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беріп, мерекелік көңіл-күйді сақтауға ықпал етті,- деп мәлімдеді полиция.