Полиция мәліметінше, Павлодар облысындағы полицияға 330 шақыру келіп түсті, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша – 138. Тұрғындардан келіп түскен барлық шақырулар мен хабарламаларды полиция уақтылы пысықтады.
Құқықтық тәртіп сақшылары 298 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде: 76 ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу, 85 жол жүру ережелерін бұзу.Облыста жаңа жылдық түн тыныш өтті, оқиғаларға жол берілмеді,- деп мәлімдеді полиция.