Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Аймақтар

Алматыда жаңа жылдық концерт қайда өтеді?

Бүгін Алматыда эстрада жұлдыздарының қатысуымен 3 ауқымды концерт өтеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алматыда жаңа жылдық концерт қайда өтеді?
Фото: newsroom.kz

Абай алаңында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Бүркіт, Ақбота-Нұр, Ғазизхан Шекербек, Диана Исмаил, Кенжебек Жанәбілов және басқа да артистердің қатысуымен концерт өтеді.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығының алдында* сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін жастар концерті ұйымдастырылады. Онда DJ Slim, Altair&ABBi, 2RAR, Dakelot және «Аll Давай» бойз-бендінің солисті әрі продюсері Шоқан Маратұлы өнер көрсетеді.

Астана алаңында жаңа жылдық концерт сағат 21:00-де басталып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. Сағат түнгі 00:00-де мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Жаңа 2025 жылды тойлау құрметіне ҚБТУ ғимаратының алдында Ерсейіт Әлиев, Елбол Қуанбек, Ұлжан Ағлақова, Chingiz Typhoon, Makvin, Орынхан, 6ellucci, Мархаба Сәби, Moldanazar және RaiM өнер көрсетеді.