Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жайында не белгілі?

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайына қону кезінде Jeju Air Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі болған. Жаңа мәліметтерді BBC сайты мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жайында не белгілі?
Фото: BBC

Құстардың соғуы апатқа себеп болуы мүмкін бе?

Муан өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ли Чон Хён теледидардағы брифингте апатқа құстардың соғуы мен қолайсыз ауа-райы себеп болуы мүмкін екенін айтты, бірақ оның нақты себебі әлі зерттеліп жатыр.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, ұшақтағы рейс пен дыбыс жазу құрылғылары қалпына келтірілді.
Тергеуші ақпарат агенттігіне қара жәшіктерді декодтау бір айға созылуы мүмкін екенін айтты. Рейстегі бір жолаушы туысқанына хабарлама жіберіп, құстың «қанатқа кептеліп қалғанын» және ұшақтың қона алмай қалғанын айтты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Алайда, шенеуніктер ұшақтың қандай да бір құспен соқтығысқанын растаған жоқ.Джеджу Эйр басшылығының басшысы апаттың «техникалық қызмет көрсету мәселелеріне байланысты болмағанын» айтты, деп хабарлайды Yonhap.

Оңтүстік Кореяның көлік департаменті рейстегі бас ұшқыштың бұл рөлді 2019 жылдан бері атқарғанын және 6,800 сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар екенін айтты.

Ұшақ апатынан зардап шеккендер мен аман қалғандар кімдер?

Ұшақта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Билік өкілдерінің айтуынша, жолаушылардың екеуі Тайланд азаматы, қалғандары Оңтүстік Корея азаматы болған. Көбісі Таиландтағы Рождество мерекесінен оралды деп болжануда.Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 179-ға жетті, бұл Оңтүстік Корея тарихындағы ең көп адам қаза тапқан ұшақ апаты болды.Барлық жолаушылар мен экипаждың төрт мүшесі қайтыс болды.

Шенеуніктер зардап шеккендердің денелерін анықтауға көмектесу үшін Муан әуежайына жиналған отбасы мүшелерінен сілекей үлгілерін жинап жатыр. Басқа зардап шегушілер саусақ іздері арқылы анықталды.
Билік әзірге 141 мәйітті анықтады.
Қайтыс болғандардың бесеуі - 10 жасқа толмаған балалар. Жолаушының ең кішісі - үш жасар бала, ал ең үлкені - 78 жаста, - дейді билік өкілдері жолаушылар манифестіне сілтеме жасап.