weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтаудағы ұшақ апатында қаза болған 24 әзірбайжандықтың денесі еліне жеткізілді

28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзірбайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ақтаудағы ұшақ апатында қаза болған 24 әзірбайжандықтың денесі еліне жеткізілді
Фото: t.me/mangystau_press

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, жақын туыстары қатысты.

"Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Жергілікті атқарушы орган өкілдері апаттан зардап шеккендердің және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады", - делінген мәліметте.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→