weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жедел көмек көрсеткен

Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған күні Қазақстан ТЖМ құтқарушылары апаттық жағдай туралы келіп түскен хабарламаға жедел ден қойды. № 12 өрт сөндіру бөлімінің командирі аға сержант Серіболат Оңғар және оның әріптестері дереу оқиға орнына келді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде  Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жедел көмек көрсеткен
Фото: El.kz

«Ұшақтың құлауына байланысты шақырту түскеннен бастап оқиға орнына тез арада жетіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірістік. Біздің ең басты міндетіміз өртті сөндіру болды. Жауынгерлік қанат жайып, ұшақтағы өртті толықтай сөндірдік. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын жүргізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне көмектестік. Өзімізге жүктелген міндеттерді толықтай орындадық. Бұл оқиғаны сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деп Серіболат көз алдында болған оқиғаны еске алды.

Мәліметтер бойынша, құтқарушылардың әрекеті нәтижесінде өрт толығымен сөндіріліп, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. ТЖМ қызметкерлерінің кәсібилігі мен жылдам реакциясы апаттың салдарын азайтуға және адамдардың өмірлерін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→