Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Қазақстан авиациясының тарихындағы ең ірі апатты білесіз бе?

Осыдан 28 жыл бұрын, 1996 жылы 12 қарашада Үндістанның Чархи Дадри қаласына жақын жерде авиация тарихындағы ең ірі ұшақ апаттарының бірі болды. Сауд Арабиясының Boeing 747-168B ұшағы мен Air Kazakhstan әуе компаниясының Ил-76ТД ұшағы соқтығысты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстан авиациясының тарихындағы ең ірі апатты білесіз бе?
Фото: Pikabu

Екі рейстің бортында 349 адам болған - Boeing ұшағында 312 және Ил-76ТД ұшағында 37 адам. Олардың барлығы қайтыс болды.

Мәліметтер бойынша, 1996 жылы 12 қарашада Алматы уақытымен сағат 16.21-де «Эйр Қазақстан» ұлттық әуе компаниясына тиесілі Ил-76ТД ұшағы Шымкент әуежайынан Үндістан астанасы Делиге ұшып кетті. 10 адамнан тұратын экипажды – Қазақстан азаматтарын 44 жастағы ұшқыш Александр Черепанов басқарды. Ұшақ бортында 27 жолаушы, Қырғызстан мен Ресей азаматтары, Үндістанға тауар сатып алуға ұшқан кәсіпкерлер болған.

Мәліметтерге сүйенсек, соқтығысу себептерінің бірі қазақстандық рейс экипажының ағылшын тілін нашар меңгеруі және диспетчердің командаларын дұрыс түсінбеуі болды.