Куәгерлердің айтуынша, әуе кемесінің қозғалтқышына құс соғылғаннан кейін бортта оттегі баллоны жарылған. Салдарынан ұшақ ішіндегі адамдар есінен тана бастаған.
Мәліметтер бойынша, осы уақытта Ақтау тұрғындарына қан орталығынан жарақат алғандарға донор болу туралы өтініштер келіп жатыр.
Сондай-ақ, Астанадан Ақтауға хирургтар мен травматологтардан тұратын мамандар тобы барады.
"Бүгін Астанадан Ақтауға хирургтар мен травматологтардан тұратын мамандар тобы бар санитарлық авиация рейсі ұшады",- деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
«Ұшақ апаты Мәскеу уақытымен сағат 9:30-да болды. Әуе кемесінің моделі — Embraer 190. Құстармен соқтығысқаннан кейін ұшақ командирі қосалқы әуежай ретінде Ақтауды таңдауға шешім қабылдаған», — деп хабарлады Ресейдің авиация агенттігі.