Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Шыңжаңда қамауда болған қазақтар нені бастан кешірді?

Шыңжаңда қамауда болған қазақтардың нені бастан кешіргенін,  Qazaq Airan YouTube жобасында оқиға орнында болған азамат Бақытәлі Нұр  айтып берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Шыңжаңда қамауда болған қазақтар нені бастан кешірді?
Фото: Instagram/ qazaq.airan

Лагерьде бір жылдан артық болдымғой. Бір ауданда 50 мыңдай адам жаттық. Шапшал ауданында. Іле қазақ облысы, Шапшал ауданы. Сондай жерде 6 лагерь болды. Өңкей жас балалар бар, қыздар бар, үлкен кемпірлер мен шалдар бар. 90-ға келген шалдарға дейін қамап тастадығой. Лагерьде 14-15 сағат темір орындықтарға отырғызып қояды. Осылай 14 сағат отырамыз. Төрт-ақ сағат ұйықтаймыз. Кешке апарады. Кешкі сұрақ дейді. Екі күнде бір, кей күні күнде апарады. "Сен қылмысыңды мойында" деп сұрайды. 75 түрлі қылмыс жазып қойған. Соның үшеуін мойныңа аласың дейді,- деді ол.