Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Жұманғарин қайтадан министрлікке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жұманғарин қайтадан министрлікке тағайындалды
Фото: Inbusiness.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды,- деп мәлімдеді Ақорда.

Серік Жұманғарин 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Ол 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.  Өзінің түрлі лауазымдық міндеттері аясында  сауда саясаты, агроөнеркәсіп кешені, жер қатынастары, ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық сынды мәселелерді үйлестіре қызмет атқарған.

 

 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату