Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Медицина

Дене қызуы көтерілсе қалай түсірген жөн?

Дене қызуы көтерілген жағдайда қалай түсіру керегін және үй жағдайында емделу жолдарын,- назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Дене қызуы көтерілсе қалай түсірген жөн?
Фото: Inbusiness.kz

Адамның ыстығы көтерілуі – оның ағзадағы инфекциямен күресуінің белгісі. Кез келген жұқпалы ауру кезінде адамның дене қызуы жоғарылайды. Коронавирус та вирустық инфекция болғаннан кейін оның басты симптомдарының бірі – дене қызуының көтерілуі болып табылады. Бірақ, бұл симптом байқалса, үрейге салынып, дәрі-дәрмек қабылдауға асығудың қажеті жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, дене қызуы 38 градустан жоғары болмаса, дәрі ішіп дүрлікпеген дұрыс. Оның орнына көп мөлшерде сұйықтық, яғни су не шай ішіп, көбірек ұйықтап, демалған жөн. Ағзаның вируспен күресуі үшін артық күш жұмсамау керек. Ол үшін нәрлі тамақ жеген пайдалы. Бұл жағдайда адамның ары кетсе 5-6 күн ауырып, аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік мол.

Дәрі ішудің дозасы

Парацетамол дозасы – 4 сағат сайын бір ғана таблетка (500 мг). Бұл дәріні мөлшерден артық ішу – бауыр жұмысына зиян. Парацетамолды ішкен соң су ішіп, жатып демалу керек. Ақырындап ыстық түсіп, дене температурасы қалыпты деңгейге келе бастайды. Кішкентай балаға парацетамолды салмағының әр келісіне 10-15 миллиграмнан есептеп ішкізу керек.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату