Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Танымал депутат Түркістанда арақ ішуге тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістан облысының әкімдігі өкіліне Түркістан қаласында ішімдік сатуға және тұтынуға тыйым салу туралы сауалын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Танымал депутат Түркістанда арақ ішуге тыйым салуды ұсынды
Фото: видеодан кадр

Осыдан аз уақыт бұрын,1-2 жыл бұрын біз Түркістанда болғанбыз. "Түркістан рухани астанамыз", "Түркістан рухани қала" деген осы заңның аясында біз Түркістанда арақ ішуге, сатуға, арақ ішіп ләйліп көшеде жүруге заңның аясында тыйым салсақ. Өйткені Түркістанды білесіз, рухани Астана деп отырмыз. Бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек. Ол жерде біздің бабаларымыз, әулие батыр, билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақтар келеді. Сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп алдынан шығатын болса ұятқой. Сондықтан осы заңның аясында "Арақсыз қала", "Рухани қала" деп араққа тыйым салуға болады ма?,-деді депутат.