Оқиға Висконсин штатының әкімшілік орталығы Мадисон қаласындағы христиан мектебінде болды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуінің жағдайы ауыр. Жергілікті полицияның хабарлауынша, күдікті осы мектептің оқушысы болған. Полиция оқиға орнына келгенде күдіктіні өлі күйінде тапты, алайда тәртіп сақшылары қару қолданбағанын мәлімдеп отыр.