ІІМ демалыс және Тәуелсіздік күні кезеңінде полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтетінін хабарлады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын объектілерде нарядтардың тығыздығы ұлғайды. Жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйелерінің көмегімен бақылау күшейтіледі", - деп хабарлады министрлік.
Полиция іс-шараларды өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндерін мәлімдеді.