Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Грузиядағы тау шаңғысы курортындағы мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды

Грузиядағы Гудаури тау шаңғысы курортындағы Үнді мейрамханасынан 12 адамның денесі табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Грузиядағы тау шаңғысы курортындағы мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды

 Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мейрамхананың екінші қабатынан мекеме қызметкерлерінің денелері табылды. Қаза тапқан 12 адамның  11-і шетелдік азамат, біреуі Грузияның азаматы.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 116-бабы, яғни абайсызда кісі өлтіру дерегі бойынша басталды. Ведомство оқиғаның жазатайым жағдайда орын алған болуы мүмкін екенін  жоққа шығармайды.

«Денені алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сондай - ақ, тергеудің алдын-ала ақпараты бойынша, жатын бөлмелердің жанындағы жабық бөлмеде генератор қосылып тұр, ол бір күн бұрын, яғни ғимаратқа электр қуаты берілмей қалған кезде іске қосылған болуы ықтимал», - деп атап өтті ІІМ.