Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істеуде

Бүгінгі таңда елімізде 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ, 275 мың белсенді волонтер, оның ішінде 3,5 мың «Күміс» волонтер белсенді жұмыс істейді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істеуде
Фото: gov.kz

Азаматтардың волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуы және мемлекет тарапынан бұл үшін жағдай жасауы елдегі волонтерліктің дамуына ықпал етті. Үкімет Қазақстан Республикасының 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың жаңа Жол картасын бекітті.

Елімізде Ұлттық фронт-кеңсе және өңірлік 20 волонтерлік фронт-кеңсесі өз қызметін белсенді жүзеге асырып келеді, олар ұйымдастырушылық, ақпараттық және ресурстық қолдау көрсетеді, сондай-ақ еріктілер топтарына, ұйымдарға және еріктілерге консультациялық көмек береді.

2024 жылы 5,6 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Бір жыл ішінде волонтерлік бойынша бірыңғай Call-орталық құрылып, оған 2095-тен астам өтініш келіп түсті. Бірыңғай онлайн «Qazvolonteer.kz» платформасы жұмыс істейді, онда 67 мыңнан астам ерікті тіркелген.

2024 жылы мемлекеттік органдар волонтерлік қоғамдастықпен бірлесіп 55 жобаны іске асырды, сондай-ақ волонтерлік бастамаларды қолдау мақсатында 240 шағын грант берілді. Жобалар аясында 42 мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шара өткізілді. 10 мың волонтер салалық волонтерлік бойынша оқудан өтті.

Халықаралық волонтерлік белсенді дамып келеді. Ұлттық волонтерлер фронт-кеңсесінің жанында 2023 жылдан бастап Халықаралық волонтерлік орталық жұмыс істейді. Қыркүйек айында 7 Қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына Түркия, Кения және Таиланд сияқты елдерге жұмысқа жіберілді.

Осы жылы 3-4 қазанда Астанада АӨСШК Жастар кеңесінің қолдауымен волонтерлер слеті өтті. Слет Азияның волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды. Оған АӨСШК-ға мүше 14 мемлекеттен (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Бахрейн, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Таиланд, Тәжікстан, Кувейт, Үндістан, Катар) 450 адам қатысты.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы Қазақстанның дамуына үлес қосқан үздік қазақстандық және шетелдік еріктілерді ынталандыру үшін «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. 2020-2024 жылдар аралығында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 234 волонтер сыйлық алды.

«Игі істер марафоны» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде қазақстандықтар 50 мыңға жуық адамның қатысуымен 7 000 «Игі іс» жасады. Жоба аясында еріктілер 7 000 жануарға көмек көрсетті, 3 200 көшет отырғызып, 240 тонна қоқыс жиналды. 5 желтоқсанда 10 номинация бойынша жобаның 20 жеңімпазы марапатталды.