Қызылорда облыстық соты кәмелетке толмаған қызды бопсалап, жезөкшелікке мәжбүрлеген және алаяқтық жасаған 21 жастағы ер адамның ісін қарады.
Сот мәліметінше, айыпталушы қызды бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар, жер учаскелерін алдау арқылы сатып, жәбірленушілерге мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастырамын деп уәде берген.
Сот айыпталушыны барлық бап бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қазіргі уақытта айыпталушыға қатысты жеңгетайлық және есірткі қолдануға итермелеу бойынша тағы да істер қаралуда, онда жәбірленуші – сол қыз.
Бұған дейін дәл осы іс бойынша ер адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.
Еске сала кетейік, қыздың анасының айтуынша, оның қызы одноклассстары мен олардың туыстары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Оны есірткі қолдануға мәжбүрлеп, ақшасын тартып алып, жезөкшелікке итермелеп, қорлық көрсеткен.
Бұл істе барлығы 11 күдікті бар, оның бесеуі – кәмелетке толмағандар.