Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті екі қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты растады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнел Ерік 2005 жылы 31 желтоқсанда туған. Ол 12 қарашада таңертең үйден шығып кеткен. Соңғы рет оны "Металлург" саябағының маңында көрген, содан кейін ол із-түзсіз кеткен. Отбасымен байланысқа шықпаған. Жоғалған сәтте жасыл киім, қара етік, шалбар киіп жүрген.
Айпара Тұлақбай 2000 жылы 17 шілдеде туған. Ол 25 қарашада жоғалып кеткен. 29 қарашада оған ұқсайтын қызды көргендер болған.
Жоғалғандардың туыстары да іздеуге белсенді көмектесіп жатыр. Мысалы, Айпараның немере ағасы Семейден Өскеменге келіп, арыз беру және іздеу жұмыстарын жеделдетуге қолдау көрсетті. Ол барлық мүмкін байланыстарды ұсынды және әлеуметтік желілердегі қыздың белсенділігін талдауға көмектескен.