Өрттің негізгі ошағы Лос-Анджелес қаласынан солтүстікке қарай орналасқан орманды аумақта пайда болды,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Аймақтағы құрғақ ауа райы мен қатты желдер өрттің жылдам таралуына себепші болды. Өрт сөндірушілер табиғи апатпен күрес үшін тікұшақтар мен арнайы техника қолданғанымен, өрттің таралуын дереу тоқтату мүмкін болмады.
Өрт аймағында тұратын 12 мыңға жуық адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Олардың көбі уақытша баспаналарға орналастырылып, қажетті гуманитарлық көмек көрсетілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарақат алғандар саны аз, бірақ кейбір тұрғындар үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды