Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Алматыда қылмыс деңгейі бейнебақылау жүйесінің арқасында 10-15%-ға төмендеді

Биыл Алматыда бейнебақылау жүйесінің арқасында 2 мыңнан аса қылмыстың беті ашылып, 15 мыңға жуық қоғамдық тәртіп бұзушылық анықталған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алматыда қылмыс деңгейі бейнебақылау жүйесінің арқасында 10-15%-ға төмендеді
Фото: newsroom.kz

Жыл басынан бері Алматы қаласында қылмыс деңгейі 10-15%-ға төмендеді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі қаланың әр түрлі жерлеріне орнатылған 150 мыңға жуық бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған. Сандық құралдар оқиғаларға жедел әрекет етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Күн сайын полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаланың көшелерінде қызмет атқарады. Қылмыстарды ашумен қатар, профилактикалық рейдтер, түсіндіру жұмыстары және қоғамдық орындар мен жолдарда тәртіпті бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

«Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері 2000-нан астам қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға қатысты. Алдағы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында патрульдік полиция гарнизоны мен Полиция департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі,- деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаев.

Алматы қаласының полиция департаменті заманауи технологияларды енгізуді және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық іс-шараларды өткізуді жалғастыруда.