«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ЖТ Атырау бөлімшесі» филиалының Мақат ауданында 4 вагоны жолдан шығып, оның екеуі аударылған. Соның салдарынан ішіндегі күкірт жерге шашылған. Қазіргі кезде жауапты мамандарға вагондарды көтеріп, қалпына келтіруге тапсырма берілген, себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомство.
Айта кетелік, Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары оқиға орнын бақылауға алды.