Астанада тұрғынның алтын бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Aykin.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана тұрғыны алтын жүзіктері ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Оның айтуынша, үйіне қонаққа келген жақын танысы арызданушының көзден таса болғанын пайдаланып, шкафтың ішінен екі алтын жүзікті ұрлаған.
Кейін жүзіктерінің жоғалғанын түсінген қала тұрғыны Алматы ауданы Полиция басқармасына шағымданған.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында 33 жастағы жас әйелдің қылмысқа қатысты екенін анықтады.