Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Жетісу облысы білім басқармасының басшысы туған әпкесін мектеп директоры етіп тағайындаған ба?

2023 жылдың 16 қарашасында Көлбай ауылының жергілікті мектебіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымға аудандық білім бөлімінің басшысы Жетісу облысының бас ұстазы – Марат Сүлейменовтың туған әпкесі лайық деп танылды. ,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы білім басқармасының басшысы туған әпкесін мектеп директоры етіп тағайындаған ба?
Фото: ҚазАқпарат

Бүгінде ол оқу ордасының директоры қызметінің міндетін атқарушы болып жұмыс істейді. Алайда бір жылдан бері мектепке басшы әлі де тағайындалмады.

Оқиғаның анығын білу үшін Stan.kz тілшісі облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовке хабарласты. Оның айтуынша, әпкесінің қызметке тағайындалуы заңға қайшы емес және ол жөнінде тіпті арнайы тексерістер болған.

"Иә, ол кісі менің туған әпкем. Көлбай ауылының мектебінде қарапайым мұғалімнен бастап, сол білім ордасында бірқатар жауапты қызметтерді атқарды. Ол кісіні директордың міндетін атқарушы етіп тағайындау менің тікелей құзыретімде емес. Ол Алакөл аудандық білім бөлімінің жұмысы. Бұл сұрақты сіздер ғана емес, құзырлы мекемелерде тексерген. Ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Сондықтан бұл мәселеге қатты көңіл аударудың қажеті жоқ деп есептеймін", – деп айтты Жетісу облысының бас ұстазы.

Айта кетейік, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары тікелей Марат Сүлейменовтың бұйрығымен тағайындалады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Анар Қыдырбаеваның директор қызметін уақытша атқаруына мұғалімдер мен тұрғындар қарсы болсада, білім бөлімінің басшылығы оған құлақ түрмеген.

Бір жылдан бері директордың тағайындалмауы – конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұстаздардың ешқайсысы арнайы тексерістен өте алмаған. Басшылық тарапынан заңды түрде ай сайын байқау өткізіліп жатыр екен.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату