Ақпарат агенттігі мәліметінше, Есенкелді Құлжабаев өрімшілік өнерге жастайынан қызығушылық танытқан, 35 жылдай Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде қолөнерден сабақ берген,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл өнер менің бойыма әкемнен дарыған деп ойлаймын. Әкем шебер кісі еді. Бала күнімнен қызығушылық танытып, қамшы жасауды үйрендім", - дейді Есенкелді Құлжабаев.
Шебердің айтуынша, қамшы жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді екен.