Биыл Жамбыл облысында 7,4 млрд теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 23-і пайдалануға беріледі, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында - 20 нысан. 2 қалалық медициналық мекеме күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңындағы есептік кездесуде осылай деді.
«Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд теңгеге бірлік медициналық диагностикалық, 38 санитарлық машина сатып алынды, бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасын мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 42,7%-дан 40,3%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7%-ға жетеді. 2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісіктерді анықтаудың мамандандырылған жүйесін енгізу жобасын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл аудандардың облыс орталығынан шалғай орналасуы, радиолог мамандардың тапшылығы мәселесін шешіп, ең бастысы науқастарды ерте диагностикалау және жедел емдеу тиімділігін арттырады», - деді өңір басшысы.