Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Қазақстанға 6 айда 566,5 мың шетелдік турист саяхаттуға келген

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 566,5 мың шетелдік турист саяхат жасады. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,7 мың адамға артық, себебі былтыр алғашқы жартыжылдықта 515,8 мың шетелдік турист елімізге келген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанға 6 айда 566,5 мың шетелдік турист саяхаттуға келген
Фото: 7kun.kz

Статистикаға сәйкес, Қазақстанға келетін туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұрынғыдай жақын көршілерден ғана емес, мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастады. 2024 жылдың бірінші жартысында елімізге келген туристер саны бойынша ТОП-5 елдің қатарында Ресей, Қытай, Үндістан, Түркия және АҚШ бар.

2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға ең көп турист Ресей Федерациясынан келген, олардың саны – 186,1 мың адам. Екінші орында Қытай (69 918 адам), үшінші орында Үндістан (53 695 адам) тұр. Сонымен қатар, үздік бестікке Түркиядан келген 30 312 және АҚШ-тан келген 19 597 саяхатшы енді.

Айта кетелік, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның туризмді дамыту рейтингінде айтарлықтай алға жылжып, бірнеше орынға көтерілді. Бұған дейін 66-шы орында тұрған еліміз биылғы көрсеткіш бойынша өз позициясын жақсарта отырып, 119 елдің арасында 52-ші орынды иеленді. 117 ел қамтылған өткен жылғы рейтингте Қазақстан 66-шы орынды алған еді.