Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Әлем

Қытай мен АҚШ арасындағы қақтығыс: екі державаның мәселесі қандай?

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қақтығысы соңғы жылдары күшейіп, 2024 жылы жаңа шиеленістерге алып келді

Қытай мен АҚШ арасындағы қақтығыс: екі державаның мәселесі қандай?
РИА Новости

Екі держава арасындағы экономикалық текетірес жаһандық нарыққа әсерін тигізуде,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

1. Чиптер өндірісі мен технологиялық бәсекелестік

Қытай АҚШ-тың чип өндірісіне қатысты шектеулеріне жауап ретінде сирек кездесетін металдардың, атап айтқанда галлий мен германийдің экспортын шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл металдар жоғары технологиялық құрылғыларды өндіру үшін өте маңызды. Қытайдың бұл қадамы АҚШ-тың технологиялық саласына айтарлықтай қысым көрсетеді, себебі Америка бұл металдарға мұқтаж. 

2. Санкциялар мен экономикалық шектеулер

АҚШ Қытай компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізіп, олардың жаһандық нарықтағы позициясын әлсіретуге тырысуда. Бұл Қытай экономикасына ауыртпалық түсіріп, сауда қатынастарын одан әрі күрделендіруде. Екі ел де өздерінің ұлттық қауіпсіздігі үшін экономикалық тәуекелі төмендетуге тырысып жатыр. 

3. Жаһандық нарыққа әсері

Бұл қақтығыс тек Қытай мен АҚШ-қа ғана емес, әлемдік нарыққа да әсер етуде. Сирек кездесетін металдардың тапшылығы технологиялық компаниялардың өндірісін қысқартуға немесе қымбаттатуға мәжбүр етеді.