weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ғылым министрлігінің маманы әкім болып тағайындалды

Целиноград ауданында 17 қарашада Қараөткел ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өтті.Сайлау қорытындысы бойынша Қараөткел ауылдық округінің әкімі болып Бауыржан Сүндетбайұлы Абзалбеков сайланды. Бұл туралы Целиноград ауданының әкімдігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ғылым министрлігінің маманы әкім болып тағайындалды
Фото: gov.kz

2024 жылғы 18 қарашада Бауыржан Сүндетбайұлы Абзалбеков Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен Қараөткел ауылдық округінің әкімі ретінде тіркелді.

Бауыржан Сүндетбайұлы Абзалбеков 1981 жылы туған. Қарағанды облысының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының саяси пәндер оқытушысы болып бастаған. Сайланғанға дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті мониторинг және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.