Биыл әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен қаланың әртүрлі учаскелерінде жұмыстар аяқталды: Алматының шығыс бөлігінде 15 көшеде 7,4 км арық желісі қайта жаңартылды, орталық бөлігінде 67 көшеде ұзындығы 30,1 км арықтар мен нөсер кәрізі жаңартылды, батыс бөлігінде (Алатау, Наурызбай және Әуезов аудандарында) 20,5 км арықтар салынды. Шаралар гидрологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарда.Қала тұрғындары жасалған жұмыстар үшін алғыс білдіруде.
«Мақатаев пен Жұмалиев көшелерінің қиылысын су басу барлық жергілікті тұрғындар үшін нағыз бас ауруы болды. Қатты жаңбырда су жолдарды басып қана қоймай, үйлердің жертөлелеріне дейін кіріп, күрделі мәселелер туғызатын. Қазір бұл жағдайдың өзгергеніне өте қуаныштымын-жасалған жұмыстардан кейін су жиналмайды. Енді біз жаңбыр жауып, бәрін қайтадан су басып кетеді деп қорықпай, көшеде емін-еркін жүре аламыз», - дейді көше тұрғыны Жұмалиева Ерлан.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қыс мезгілі қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, қоғамдық орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілуде.