Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ресейден тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 13 миллиард долларды құраған

Ресей президенті еліміздегі ядролық-отын циклі жобаларын жүзеге асыру және уран саласы бойынша жаңа ауқымды бастамаларға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды  newsroom.kz

Ресейден тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 13 миллиард долларды құраған
КазПравда

Ресей Президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" газетіне берген мақаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы айтты. Оның пікірінше, екі елдің өзара серіктестігі Еуразиялық экономикалық интеграция аясында қарқынды дамып келеді.

"Біздің мемлекеттеріміз Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаушылар ретінде тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың ортақ нарықтарын дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сауда кедергілерін жою және ортақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жұмысымыз экономиканың әртүрлі салаларында тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді."

Сонымен қатар, президенттің айтуы бойынша, екіжақты сауда айналымы соңғы жылдары рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Мәселен, өткен жылы сауда көлемі 28 миллиард доллардан асса, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 20 миллиард доллардан асып түскен.

Президент сондай-ақ Қазақстан экономикасына ресейлік инвестициялардың өсуін ерекше атап өтті. Оның мәліметінше, Қазақстанда ресейлік қатысумен 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, ал Ресейден тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 13 миллиард долларды құраған. Бұл жобалар өнеркәсіптік кооперация мен жоғары технологиялар саласында елдердің экономикалық және технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал етеді.

"Ресей мен Қазақстан мұнай-газ саласында да белсенді ынтымақтастық орнатуда. Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 80 пайыздан астамы шетелдік нарықтарға тасымалданады. Бұл біздің энергетикалық серіктестігіміздің тиімділігін дәлелдейді."

Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруды және экономикалық серіктестікті нығайтуды жоспарлап отыр. Ресейдің "Росатом" корпорациясы Қазақстанда ядролық-отын циклі жобаларын жүзеге асыру және уран саласын дамыту бойынша жаңа ауқымды бастамаларға дайын екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, бұл жобалар екі елдің де экономикалық дамуына және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор ықпал етеді.