Мысырдың Марса-Алма жағалауының аймағында 30 шетелдік турист мінген кеме Қызыл теңізге батып кетті. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Туристердің кейбірі тірі табылса, кейбірі із-түссіз жоғалып кеткен. Әкімшіліктің хабарлауынша, жағдай жергілікті уақытпен таңғы 05:30-да тіркелді. "Sea Story" кемесінің ішінде әртүрлі елден келген 31 турист пен экипаж қызметкерлері болған.
Іздеу әлі де жалғасуда.