Суық суға шомылудың негізгі пайдалы әсерлері туралы толығырақ Newsroom.kz тілшісі қарастырды.
1. Иммундық жүйені күшейтеді
Суық суға шомылу иммундық жүйенің жұмысын ынталандырады. Суыққа түсу ағзаға стресс тудырады, бірақ уақыт өте келе дене бұған бейімделіп, қорғаныш күшін арттырады. Иммундық жүйені белсендіреді, ағзада қан клеткаларының саны көбейеді, нәтижесінде түрлі инфекциялар мен ауруларға қарсы тұру қабілеті артады. Сонымен қатар, суық тиюдің алдын алуға, тұмаудың таралуына жол бермеуге көмектеседі.
2. Қан айналымын жақсартады
Қан тамырларын тарылтады, нәтижесінде қан ағымы күшейеді. Ағза жылуды сақтау үшін қан айналымын жеделдетеді, соның арқасында жүрек қызметі жақсарып, барлық ағзаларға оттегі мен қоректік заттар жеткізіледі. Бұл процесс қан қысымын тұрақтандыруға, жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
3. Жүйке жүйесін нығайтады
Суық су нерв жүйесіне керемет әсер етеді. Суықтың әсерінен ағзадағы адреналин мен эндорфин деңгейі көтеріледі, бұл өз кезегінде көңіл-күйді жақсартуға, депрессия мен күйзелісті жеңуге көмектеседі және жүйке жүйесін тыныштандырып, стреске қарсы тұру қабілетін арттырады. Сонымен қатар, жүйке жүйесі мен ми клеткаларының қызметі қалыпқа келіп, адам өзін сергек әрі қуатты сезінеді.
4. Бұлшықеттер мен буындарды қалпына келтіреді
Бұлшықеттегі ауырсыну мен шаршауды жеңілдетуге көмектеседі. Спортшылар суық суға түсу арқылы қалпына келу процесін жеделдетеді. Ол бұлшықеттегі қабынуды азайтып, жарақаттан кейінгі жазылу уақытын қысқартады. Бұдан бөлек, суық су буындардағы ісінулерді төмендетіп, қозғалысты жеңілдетеді.