Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы автожолдың 1063-шақырымында сағат 18:12 шамасында болған. Апат кезінде SHACMAN және Volvo маркалы жүк көліктері соқтығысқан. Куәгерлердің хабарлауынша, соққының салдарынан жүргізушілердің бірі кабинадан ұшып кеткен.
Екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, солардың нәтижелері бойынша шешім қабылданады, - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.