Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Абай облысында алтын өндіру зауыты жұмысын бастады

Абай облысының Көкпекті ауданында алтын-күміс қорытпасын шығаратын жаңа кәсіпорын 2024 жылдың қарашасында өндірістік пайдалануға берілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Абай облысында алтын өндіру зауыты жұмысын бастады
Фото: Turkystan.kz

Жобаны «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ еншілес кәсіпорны, 2024 жылғы 15 қарашадағы №150-МЛ қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияның иегері «Eastern Gold» ЖШС жүзеге асыруда.

«Eastern Gold» ЖШС директоры Гүлмира Қасылова кеніште тікелей жұмыс істейді және толық циклді операциялық қызметке қатысады. Тауарлы өнім өндіру облыстық және республикалық бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Зауыт қуаттылығы: жылына 200 000 тонна алтын рудасын өңдеу және 200 кг-ға дейін ДоРе қорытпасын өндіру. 

Мәліметтер бойынша, кен жақын маңдағы «Родниковое» және «Белая Горка»кен орындарын өндіретін карьерлерден алынады. Бүгінгі таңда расталған ең аз қорлар көлемі зауыттың кем дегенде 8-10 жыл жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жеткілікті.

Айта кетелік, жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы алтын рудаларын өндіру мен өңдеуді дамытуға, еліміздің мұнай өңдеу зауыттары үшін, атап айтқанда «Тау-Кен Алтын» ЖШС үшін ДоРе қорытпасын өндіруді дамытуға бағытталған.