Қазақстан 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ-на мүшесі болып қабылданды. 2017-2018 жылдары БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болып сайланды. БҰҰ ҚК төрағасы ретінде Қазақстан 2018 жылғы қаңтарда Ауғанстандағы елшілердің 2010 жылдан бергі алғашқы делегациясын басқарды.
Сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 47 мүшесінің бірі. Әрі адам құқықтары декларациясына құқықтық мәртебе берген азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің қатысушысы.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымы
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы 1996 жылдан басталады. Ұйымның басты мақсаты – әскери салада сенім мен келісімді нығайтып, шекара аумағында қарулы күштерді азайту.
Мәліметтер бойынша, 2006 жылы 15 маусым күні Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Жалы бұл ұйым халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2023 соңғы мәлімет бойынша оған 178 ел мүше болды. ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Қазақстан 2015 жылы 30 қарашада ұйымға мүше болды.
Ислам ынтымақтастық ұйымы
Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам конференциясы ұйымы — 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,8 миллиардқа жетіп отыр.