Жаңа заманның жаңалықтар порталы | Newsroom.kz RU search
19 қараша, 2024 / Арайна Арайқызы / Әлем

Трамп мигранттарды әскери күшпен қуып шықпақ

Трамп жақында тағы да мигранттарға қатысты қатаң шаралар ұсынды

Трамп мигранттарды әскери күшпен қуып шықпақ
dzen.ru

Бұл жолы ол елге заңсыз кіргендерді әскери күш арқылы елден шығаруға дайын екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Трамптың мәлімдемесі

Дональд Трамптың айтуынша, елдегі заңсыз мигранттардың саны АҚШ-тың экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіруде.

«Біздің өз шекарамызды қорғау – ұлттық қауіпсіздігіміздің негізі. Қажет болса, әскери күш қолданып, заңсыз кіргендерді қуып шығамыз», – деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме республикандықтардың қатал миграциялық ұстанымын көрсетсе, демократтар тарапынан сынға ұшырады.

Әскери күш қолдану заңды ма?

Заң тұрғысынан АҚШ-та әскерді ішкі істерге тарту негізінен шектеуге ие. Бұл мәселеде 1878 жылғы Posse Comitatus Act деген заң қолданылады. Бұл заң АҚШ армиясының азаматтық істерге араласуын шектейді. Дегенмен, Трамп бұл шектеуді айналып өту үшін шекарадағы төтенше жағдайды сылтау етуі мүмкін. Ол бұған дейін де Ұлттық гвардияны Мексика шекарасына орналастыру арқылы осы заңнан айналып өткен болатын.

Байден VS Трамп 

Осыған дейін Дональд Трамп Джо Байденнің өкілеттілігі кезінде қабылданған 94 қаулыны жоққа шығарып, жойып жіберетінін хабарлаған еді. Байденнің саясаты ел экономикасы мен дамуын әбден тежеген деп санайды Трамп.