Блогер Абай Жанысбаев Instagram парақшасында Каспий жағалауында өлген итбалықтадың бейнесін көрсеткен видеоны жариялады, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Видеода теңіз жағасында өлі итбалықтар бейнеленген. Бұған дейін Маңғыстау облысында итбалықтардың жаппай өлімі статистикасы артып келе жатқаны туралы хабарлаған едік. Жайық-Каспий аралық балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының мәліметінше, Каспий жағалауында 700-ден астам өлген итбалықтар денесі тіркелген.
11 қараша күні Маңғыстау облысының балық инспекторлары бірнеше күндік дауылдан кейін Каспий теңізінің жағалауына тағы да өлген итбалықтардың денелері жиналғанын хабарлады.