Жаңа заманның жаңалықтар порталы | Newsroom.kz RU search
13 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

“Швейцарияға да бардым”: Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін айтты

Бағдарлама барысында Жүрсін Ерман қазіргі айтыс пен айтыскер ақындар жайлы пікірімен бөлісті

“Швейцарияға да бардым”: Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін айтты
Фото: Tengrinews

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Мені құртқан қант қой. Қатты ауырдым, сосын Алматыдағы Президент іс басқармасының ауруханасында емделдім. Маған қарап жүрген дәрігер «аяғыңызды кесеміз, әйтпесе өліп қаласыз» деді. Аяқты кестіру оңай ма, оданда шетелге барып келейін деп, Швейцарияға кеттім. Сонда менің құдам бар – ДСҰ-ның басшысы. Олар жақсылап тексеріп, «сенің аяғыңды кесемін деген қайсысы?» деп сұрады. Мен мән-жайды айттым. Олар кесудің түк қажеті жоқтығын айтты. Бірақ аса көп көмек болмады. Қалай дегенмен шетелге бару оңай емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев емделіп келуге көп ақша берді. Оны өзі айтпайды, бірақ мен іштей ол кісіге ризамын. Бір күні ауруханадағылар екі-үш күндік өмірім ғана қалғанын айтыпты. Қасымда жүрген екі қызым сол соңғы күндерін үйінде өткізсін деп, қолхат жазып мені алып кетіпті. Өздері неше түрлі шөппен емдеп, аман алып қалды», – деді Жүрсін Ерман.

Айта кетелік, бағдарлама барысында Жүрсін Ерман қазіргі айтыс пен айтыскер ақындар жайлы пікірін бөлісіп, отбасы жайлы сөз қозғады.